Үндістанда жасөспірім билеп жүріп, өз-өзін шауып тастады
Үндістанның оңтүстігіндегі Хайдабар қаласында 15 жастағы жасөспірім тойға шақырылған
Хамид атты жеткіншек тойға күйеу жағынан шақырылған. Салтанат барысында бірнеше адам дәстүрлі қылыш және қанжар биін ұйымдастырған. Дәл осы сәтте Хамид өзіне қол салған. Ол жедел ауруханаға жеткізілсе де, дәрігерлердің көмегі шамалы болды – жеткіншек палатада көз жұмды.
Жергілікті полиция оқиғаны тергеп жатқандарын хабарлады. Әзірге жасөспірімнің қазасы қайғылы оқиға ма, әлде қас ойдан ба – белгісіз. Бірақ бірнеше адам белгісіз себептермен қамауға алынды.