Батыс Қазақстанда күзетші әкімдікте өз-өзін атып тастады
Оқиға Ақтөбе қаласында 8 қаңтар күні орын алған. Ер адам табельді қару пайдаланған
Атыс орын алған мекеме бірден полиция қызметкерлерімен қоршауға алынды, деп хабарлайды Bnews.kz сайты. «Күзет» қызметінің күзетшісі басынан алған жарақаттардан оқиға орнында қаза тапты.
Болған оқиға салдары анықталуда. Ақтөбе ІІД өкілдері болған оқиғаға күн көлемінде пікір айталатынын хабарлады.
inform.kz сайты хабарлағандай, қаза табушының есімі Байбек Қарымсақов. Кіші сержант 34 жаста болған. «Күзетте» 2010 жылдан бері қызмет етеді. Қаза табушының әйелі мен екі баласы қалды.