Мәскеуде гастарбайтер жұмысшыны қабылан талап тастады
Жыртқыш жануар жұмысшыны өлтіріп, өзі тордан шығып кеткен
Украинадан келген жұмысшы үй маңындағы зообаққа қарауылшы болып орналасқан. Ал ол қабылан жатқан тордың ауызын ашып, оған тамақ бермек болған. Сол кезде жануар оны ұстап алып, талап тастаған, деп хабарлайды life сайты.
Кейін тордан шығып, қашып кеткен. Белгілі болғандай, қабылан Мәскеудегі бизнесмендікі екен. Қазіргі уақытта жыртқышы ұстап алған.