Шучинскіде қазандық жарылып, бір адам қаза тапты
Жарылыс нәтижесінен ондаған адамдар орталықтандырылған жылусыз қалды
Ақмола облысы Щучинскі қаласында «Көкшетау Энерго» ЖШС қазандығы жарылды. ТЖ барысында 56 жастағы жұмысшы қаза тапты, - деп хабарлайды мамандар.
Жарылыс нәтижесінде 70-тен астам адам жылусыз қалып отыр.
- Оларға арналып уақытша көшу орны дайындалды. Адамдар бұдан бас тартып, үйлерінде электржылыту құралдарын пайдалануда, - дейді әкімдікте.
Қазіргі уақытта жылуды қайта беру сұрақтары қарастырылуда. Бұл үшін қазандық басшылығымен жаңа төрт электрлі қазандықтар сатып алынды.
Апаттық құтқару жұмыстарына ТЖ департаментінің 30 адамы және 6 техникасы қатысты.
Жарылыс фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
- Апат себебі анықталуда. Еңбек инспекциясында тексеру жүргізіледі. Болдам бойынша қазандыққа біреу суық су қйып жіберген, - дейді прокуратурада.