Алматыдағы зообақта арыстан ауырып өлді
Жануарлар бағында 13 жыл бойы өмір сүрген арыстан қан ауруынан жазылмай «қайтыс болды»
Оны дәрігерлер де емдей алмады. Хан есімді арыстан 2014 жылы Франциядан әкелінген, - деп хабарлайды zakon.kz.
Күтімі жақсы арыстанды зообаққа келушілердің көбі тамсанып, қызыға қарайтын.
Алайда зообақ қызметкерлері жыртқыш аңның соңғы кезде қатты ауырғанын, әртүрлі тексеріс жасалса да, оңды нәтиже болмағанын айтады. Эвтаназия жасау туралы ой келгенімен, оның қажеттілігі тумаған. Өйткені арыстанның ағзасы онсыз да әлсіреп жатқан еді – наркоз берілген соң, оның жүрегі тоқтап қалған.