Солтүстік Кореядан қашып шыққан сарбаз есін жиысымен-ақ тәтті тағам сұраған
Есін жинаған сарбаз Солтүстік Кореяда сатуға тыйым салынған ChocoPie шоколадын сұрап тамақтанған
Солтүстік Кореядан қашып шыққан сарбаздың есімі – 24 жастағы Чонг Сон. Ол арқасынан, кеудесінен, аяғы мен тізесінен жарақат алған. Оңтүстік Кореяның ауруханасына түсіп есін жинаған. Алайда Чонг Сон есіне келісімен-ақ, жағдайда түсіндіріп жатудың орнына бірден ChocoPie шоколадын сұраған.
Бұл тәттілерді Жапонияның Orion атты компаниясы шығарады. Бір жылдары ChocoPie Солтүстік Кореяда сатылған екен. Алайда Ким Чен Ын оны батыстың идеологиясын насихаттайтын өнім деп сатылымнан алып тастаған.
Ал ChocoPie өндірушілері оған бірден 100 қорап тәтті өнімдер жіберіп, оған бұл шоколадтары тегін алуға мүмкіндік беретін сертификат берген.