Ресейдің ірі супермаркет желісінде бағдарлама ақауы болып, касса аппараттары жұмыс істемей қалды
Ал Федералды салық қызметі бұл супермаркеттерге касса аппаратынсыз сауда сатуға рұқсат берді
"Магнолия", "Магнит" және DNS, ірі жанармай құю станцияларының кассалық аппараттарында ақау болып, біраз уақыт тауар сату мен қызмет көрсетуін тоқтатты. Мәселен, ақаудың кесірінен АКИТ кәсіпорны 2,5 млдр рубль пайдасынан қағылған.
Ал Ресейде фискалды чексіз сауда сатуға тыйым салынған. Алайда салық қызметі бұл дүкендерге қол ұшын беріп, фискалды чексіз сауда сатқаны үшін айыппұл салмайтындығын хабарлады.
Салық қызметінің мамандары "ШТРИХ-М", "РР-Электро", "Тринити" және "НТЦ "Измеритель" сынды касса аппараттары сынған деп отыр. Ретейлер қызметі жақын уақытта қалпына келтірілуі тиіс.