Астана дүкендерінен ГМО көп қосылған тауарлар табылды
Америкадан келген кейбір азық-түлік тауарларының құрамында гендік модификацияланған соя мен жүгерінің көп қосылғаны анықталған
Ал қытырлақ, кеспе сынды жартылай фабрикаттардың құрамында ГМО-ның қосылғандығы жөнінде жазылмаған. Ал тағам құрамында ГМО-ның мөлшері 0,9 пайыздан аспауы тиіс. Ал америкалық тауар өндірушілердің өнімдерінен табылған ГМО-ның құрамы 1 пайыздан асып кеткен.
Мұндай тауарлардың қатарына Bread Crumbs ITALIAN STYLE with Shop Rite қытырлағы, Pancake&Waffle MIX Shop Rite өнімі, Maruchan Ramen Noodle Soup Oriental flavor кеспесі, Kelloyy's Fan Pak таңғы ас марқалы тағамдар жатады.