Ақмолада ер адамды пойыз қағып кетті
Оқиға желтоқсанның 12-сінен 13-не қараған түні Ерейментау ауданындағы Едіге-Ерейментау аралығында орын алған
«Астана-Защита» бағытындағы №68 жолаушылар пойызы 30 жастағы ер адамды қағып кеткен. Ер азамат оқиға орнында көз жұмды, - деп облыстық ТЖ департаментінде хабарлады.
Орын алған апат пойыздардың қозғалыс тәртібіне әсер етпеген. Қайғылы оқиғаның себептері анықталуда.
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар:
Поезд сбил человека Трагедия в Акмолинской области 



