Қарағанды облысының шахтерлері жалақыны өсіруді талап етуде
Өздері қойған талаптар орындалмайынша 300 тау-кен жұмысшылары шахтадан шығудан бас тартты
Қарағанды облысының Сәтпаев қаласында шахтерлер қарсылық акциясын ұйымдастырды, деп хабарлайды Интерфакс сайты.
- Бүгін түн ортасына таман түнгі кезек көтерілуі керек болатын. Оңтүстік-Жезқазған кені шахтасының жұмысшылары «Қазақмыс» әкімшілігіне өз талаптарын өкілдері арқылы жіберіп, төбеге шығудан бас тартты, - деп хабарлайды қарсыласушылардың өкілі Берік Жағыпаров.
Жұмысшылар ең алдымен жалақыны 70 пайызға өсіруді талап етуде. Талап жазылған тізімдер ішінде өтемақы төлемі, шахтерлер зейнетақысының өсімін, тегін курортты-сауықтыру емін және еңбекақыны жоспарлы төлеуден тарту туралы жазылған.
Естеріңізге саламыз, «Қазақмыс» корпорациясы Қазақстандағы алып мыс өндірушілердің бірі. Оның құрамында 10 кен, 5 тау-байыту фабрикасы, екі мыс балқыту зауыты, екі көмір разрезі бар.
Следующая →