Қазақстан азаматшасы бір ай бойы Тайландтан шыға алар емес
Үлкен ЖКО-ға ұшыраған қыз елден қайту үшін ем-домына қаражат бере алар емес
Бұл туралы КТК телерарнасының сайтында хабарланды. Анор Төлегенова Пхукет аралында демалыста жүріп ЖКО-ға тап болып, бірнеше апта ауруханада жатқан. Ауруханадан шыға берісте ем төлемінің 300 мың батқа жеткені айтылған. Бұл үш миллион теңгені құрайды.
Тай сотының үкімі бойынша төлемді ЖКО-ға кінәлі адам беруі тиіс. Бірақ ол жоғалып кеткен.
Анор онымен бірге мотоциклмен келе жатқанда, ер адам тізгінге ие бола алмай, салдарынан ЖКО орын алған. Зардап шегушінің ем-домын төлету үшін оның жеке куәлігі алынған. Бірақ төлем жүргізілмейінше ҚР азаматшасы Тайландтан кете алмайды. Ол ЖКО-ға кінәлі адамды танымайтынын айтады.
- Бұл туралы Тайландтағы Қазақстан елшілігіне белгілі болды. Біздің дипломаттар қыздың туыстарымен байланысқа шығып, олар бірнеше күн ішінде Тайландқа келді. Дипломаттар тиісті көмек берді. Аудармашы қойып, құқыққорғау органдары мен ауруханаға байланыс ұйымдастырылды. Қыз бен оның анасына виза ұзартылды, - дейді ҚР СІМ ресми өкілі Ануар Жайнаков.