Өскемен
ясно
-11°
  • Өскемен
    -11°
  • Алматы
    +5°
  • Астана
    -10°
  • Ақтөбе
    -5°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -13°
  • Қостанай
    -12°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -13°
  • Тараз
    +7°
  • Туркестан
    -6°
  • Шымкент
    +8°
$
499.51
+0.96
525.83
+1.55
¥
68.9
+0.14
4.62
-0.13
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар Александр Селиванов
Ақпарат көзі:
Устинка

Қостанайда SCAT ұшағына апатты жағдайда қонуға тура келді

Астанадан Қазан қаласына сапар шеккен SCAT ұшағы терезесінің шытынауына байланысты Қостанай әуежайына қонуына тура келді.

Ұшқыш кабинасындағы терезенің ішкі жағы шытынаған соң, бұл ұшақтың ұшуына кедергі келтірген. 23 қазан күні 12.00 кезінде Астана қаласынан ұшқан ұшақ Қостанайдағы аэродромға қонып, жолаушыларды әуежайда қалдырған.

- Ұшақ қонған соң 40 минуттан кейін жолаушыларды жеткізіп салуға қосымша ұшақ жіберілгенімен, ауа-райының бұзылуына байланысты ұшақ ауаға көтіріле алмады, - дейді СКАТ әуе компаниясы.

Дегенмен, жолаушылар екі күн бойы діттеген жеріне жете алмай отыр. Қазанға ұшпақ болған ұшақтарды бес-алты рет кері шегерген.

Ал компания 24 қазан күні сағат 21.00-де әуежайда жолаушылар тіркеуден өтетінін хабарлаған. Алайда жолаушылар ешқандай тіркеудің болмағынан айтып отыр. Жолаушылардың бірі Сергей Петраков ұшақтың ұшуына ауа-райы кедергі емес екендігін айтады.

Оқиғаның мән-жайы әлі анықталуда. 

Следующая →