БАҚ: Чилиде төртінші шіркеу өртенді
Чили полициясы елдің орталығындағы Араукания өңірінде бір күн ішінде өртенген төртінші шіркеу ісі бойынша тергеу жүргізуде
Оқиға Эрсилья коммунасында орын алған. Ол жердегі протестант ғабадатханасы толықтай өртеніп кеткен. Тіпті муызкалық аспаптар сақталған қосымша құрылыс нысаны да тегіс жанып кеткен. Оқиға орнына келген құқыққорғаушылар мапуче үндістерін қолдау қағазын анықтаған. Айта кету керек бұл тайпа өкілдері 2016 жылы Падре-лас-Каса қаласындағы протестант шіркеуін өртеп жіберіп, қамауға алынған болатын.
20 қыркүйек күні дәл осы өңірде екі католиктік және бір протестанттар шіркеуін белгісіз біреулер өртеп жіберген. Қылмыс орнынан да аталған қағазздар анықталды.
Следующая →
Тақырыптар:
Пожары в Чили