Тәжікстан президентінің тікұшағы әуежай басшысын ұшырып өлтірді
Хорог қаласындағы әуежайдың басшысы Дилдор Максудшоев Тәжікстан президенті ұшып келген тікұшақтың ұйытқыған желінен қайтыс болды
- Оғаш оқиға Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмонның Таулы Бадахшан автономиялық облысы ресми сапары кезінде орын алған. Әуежай басшысы тікұшақ ескен желдің қарқынына жыдай алмай құлап, басын асфальтқа соққан. Аудандық аурухана жөнелтілген кезде көз жұмған, - дейді Тәжікстандағы «Азаттық радиосы» қызметі.
Әуежай басшысы да өзге шенеуніктермен бірге мемлекет басшысын қарсы алуға шыққан. Жергілікті билік басшысының өлімін кездейсоқтық деп отыр.