Қостанай облысында комбайн жүргізушісінің аяғын шауып кетті
Комбайн дестелегіші ер азаматтың екі аяғын бірдей шауып түсірген. Жігіт ауруханада көз жұмды
ТЖ бойынша облыстық департамент ақпараты бойынша, қаза табушы комбайнның техникалық жағдайын тексеріп жүрген.
- Техникалық қауіпсіздік сақталмағандықтан комбайншының 1997 жылғы көмекшісі тізесінен төмен қарай аяғынан айрылған. Зардап шегуші аудандық ауруханаға жеткізілген. Көп қан жоғалтуына байланысты, 3-ші деңгейлік геморрагиялық жарақат шогын алған ер адам ауруханада көз жұмды, - дейді ТЖД.
Қостанайда өткен аптаның соңында егін науқаны басталған болатын
Следующая →