Байқал туристік базасында 22 адам уланды
Байқал туристік базасында адамдар жаппай уланды. Олардың арасында балалар да бар. Орын алған оқиғаға байланысты тергеу алды тексеру жұмыстары басталды
Оқиға Иркутск облысы Слюдянск ауданы Байқал көлінің жағасындағы «Утулик» туристік базасында орын алды.
Мекеме өкілінің айтуынша, ауруханаға 22 адам уланып түссе, олардың 16-сы кәмелет жасқа толмағандар. Тексеру жұмыстары «Қауіпсіздік талаптарына жауап бермейтін қызмет көрсету» қылмыстық кодексі бойынша жүруде.
Алдын ала ақпараттар бойынша, туристік базада «Байқалдағы театрланған күз» фестивалі өткен.
Тамыз айының басында дәл осындай улану фактісі Бурятия туристік базасында орын алған елді. Онда 77 адам уланған.
Следующая →