Өскемен
Қалың бұлтты
-6°
  • Өскемен
    -6°
  • Семей
    -9°
  • Алматы
    +14°
  • Риддер
    -3°
  • Астана
    -14°
  • Ақтөбе
    -9°
  • Ақтау
    +7°
  • Атырау
    +3°
  • Қарағанды
    -14°
  • Көкшетау
    -19°
  • Қостанай
    -17°
  • Қызылорда
    +6°
  • Павлодар
    -18°
  • Петропавловск
    -22°
  • Тараз
    +14°
  • Түркістан
    +15°
  • Орал
    -8°
  • Шымкент
    +14°
$
489.3
-0.69
578.94
-1.31
¥
70.83
-0.10
6.38
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар
Ақпарат көзі:
Устинка

Қарағанды әскери борышын өтеп жүрген жауынгер көз жұмды

Қарағанды облысында орналасқан №5451 әскери бөлімі аумағында жазатайым оқиғаның кесірінен әскери борышын өтеп жүрген жауынгер көз жұмды

Бұл жайында ҚР Ұлттық гвардияның аймақтық «Орталық» қолбасшылық баспасөз қызметі хабарлады.

- Бүгін сағат 07:00-де әскери техникаларға тексеріс басталған еді. «Урал» тіркемесі бар автокөліктің жүргізушісі 22 жастағы Тимур Перметов нұсқауға сәйкес көлікті қол тежеуішке қоя отырып, тіркемені көліктен ажыратқан. Осы уақытта тіркеме аяқ астынан орнынан қозғалып кетіп, қатардағы жауынгерді қысып қалған. Жауынгердің алған жарақаты ауыр болған, - делінген баспасөз мәліметінде.

Әскери қызметкер қалалық ауруханаға жеткізілген.

- Сағат 8:30-да жауынгер есін жия алмай көз жұмды, - делінген тағы да баспасөз хабарламасында.

Қызметтік тергеу жұмыстары басталды.

Отан алдындағы борышын өтеуге аттанған азаматтың жаны жаннатта болсын!

Следующая →
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар: ЧП в Караганде Вооруженные силы Казахстана