Қазақ-Қырғыз шекарасында атыс болып, бір адам қайтыс болды
Қазақстандық шекарашылар ел территориясына заңсыз өтпек болған құқық бұзушыларға қару қолданған
Қырғыстаннан Қазақстанға 15 адам заңсыз өтпек болған.
- 12 тамыз күні сағат 20.00 уақытында Тараз шекара отрядына қарасты заставаның жауынгерлері шекараны заңсыз кесіп өтпек болған адамдарды байқаған. Олар шекара сымдарын кесіп, кейін сақшыларды көрген соң, оларға құрал-саймандарын қолданып қарсылық көрсете бастаған. Шекара сақшылары дене жарақаттарын алды, - дейді Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің шекара қызметі.
Әскери қызметшілерді өмірі мен денсаулығын аман алып қалу үшін, жауынгерлердің басшысы жоғары қарата оқ атқан. Алайда бұған көнбей қарсылық көрсеткендерге қарата екі рет оқ атылған.
- Нәтижесінде, қарсылық көрсетуші бір адам жарақат алды. Ал қалғандары Қазақстан территориясындағы ауылдардың бірінде жасырынып қалған. Кейін жарақат алған адамның қайтыс болғаны белгілі болды, - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта Тараз шекара отрядына қарасты территория қатаң бақылауға алынды.