ШҚО-да бір күнде 22 тонна жем-шөп жанып кетті
Екі үлкен өрт те Үржар ауданында болған.
Көктерек ауылындағы бір үйдің ауласында тұрған пішен шөп толығымен өртеніп кетті. Аулаға 20 тонна шөп түсірілген көрінеді.
- Өрттің қаулауына жел қатты әсер етті. Көрші үйдің шаруашылық алаңдары да отқа оранып кете жаздады. Өрт сөндірушілер қосымша отряд шақырып, сөндіру жұмыстарын жасады. Пішеннің азғандай бөлігін өрттен аман алып қалдық. Қора өртенген жоқ, - дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Өрт сөндірушілер пішенді біреулердің әдейі өртеуі мүмкін дейді немесе отпен ойнаудың кесірінен орын алуы мүмкін.
- Екінші өрт құрғақ шөпті трактормен тасып бара жатқанда болған. Екі тонна пішен шөп жанып кетті, - делінген ШҚО ТЖБ баспасөз қызметі мәліметінде.
Соңғы өрттің орын алуына трактор түтін шығатын мұржасы себеп болуы мүмкін.
Кінәлі адамдар іздестіріліп жатыр. Шығынның мөлшері де есептелуде.
Следующая →
Тақырыптар:
Пожары в ВКО