Өскемен
пасмурно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +14°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +22°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +18°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +13°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +16°
$
441.44
-1.91
473.09
-2.45
¥
60.96
-0.22
4.75
-0.07
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар
Ақпарат көзі:
Устинка

Бір жарым жастағы қыз баланы балабақшада тістеп тастаған

Ақтөбедегі жеке меншік балабақшалардың бірінде шу шықты. Бір жарым жастағы қыздарын балабақшадан алып кетуге келген ата-ана полиция бөлімшесіне баруға мәжбүр болған

Дильназды балабақшадағы тәрбиеленушілердің бірі тістеп тастаған, деп хабарлайды 31 телеарнаның сайты. Баланың беті мен денесінен анасы тістің ізі мен жарақаттар анықтап, баласының балабақшада қараусыз қалғандығына шағымданып полиция қызметіне жүгінген.

Дильназдың анасы Айдана Ақдәулетованың сөзіне сүйенсек, оған балабақшада медбикенің жоқтығын айтқан. Ал меңгеруші күзетке ешкімді кіргізбеуді бұйырып, бөлмесінен шықпай қойған. Балабақша ұжымы тілшілерге жауап беруден де бас тартып отыр.

Анықталғандай, жеке меншік білім беру ұйымдарындағы балалардың қауіпсіздігі үшін ешкім жауапкершілік алмайды екен. Ақтөбе қаласындағы білім беру бөлімінің мектепке дейінгі және жалпы білім беру секторының меңгерушісі Гүлнар Мырзағалиеваның айтуынша, жеке меншік балабақшалар мекеме құзырына кірмейді.

Следующая →