ШҚО-да әйелді жылан шағып алды
Оқиға өткен сейсенбіде Семейге жақын орналасқан Қайнар ауылында орын алған
40 жастағы ауыл тұрғыны оны жылан шағып алғанда далада болған.
- Әйел адам бізге түскенде оның басы айналып, дене қысымы көтерілген болатын. Және оның қолы ұйып қалған, - дейді Семейдің жедел медициналық жәрдемінің қосалқы стансасының бөлім меңгерушісі Эльвира Гатаулинова. - Өміріне қауіп төнген жоқ. Әйел қазір өзін жақсы сезінеді.
Дәрігерлердің айтуынша, осындай оқыс оқиға жаз мезгілінде осымен үшінші рет орын алып отыр. Өткен жылы жергілікті дәрігерлерге жылан шағу бойынша ешкім жүгінбеген. Олардың айтуынша, күннің қатты ыстығы себебінен жыландар көбеюде.