Өскеменде трамвай зейнеткердің аяғын басып кетті (18+)
75 жасар қартты ауруханаға жедел түрде жеткізу керек болған
Оқиға бүгін таңғы сағат 8 шамасында Тәуелсіздік даңғылындағы «Электротовары» аялдамасының маңында орын алған.
- Трамвай қарттың аяғынан, тобық бөлігінен басып кеткен, - дейді куәгерлер.
Зардап шеккен зейнеткер №1 қалалық ауруханаға жедел түрде жеткізілген. Дәрігерлер хабарлағандай, қазіргі уақытта 75 жасар әжей ауыр халде, реанимацияда жатыр. Медиктер Аяғына ампутация жасауды ойлап отыр.
Зейнеткер бас сүйек зақымын да алған. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның ақ-қарасын анықтауға кірісті.