Өскеменде өрт сөндірушілер мас адамды өлімнен құтқарып қалды
Ер адам мас күйінде қалың ұйқыға кеткен, ал ағаш үй болса өрте оранған
Өрт кеше түнде Бажов көшесінде болған. Өрт кептерханадан басталған. Кейін маңайдағы ағаш жайларға жайыла бастаған. Жақын маңдағы адамдар бірден өрт сөндірушілерге хабарласқан.
Ал өрт сөндішілер оқиға орнына келгенде, жалын шарпыған ғимараттардың бірінде араққа сылқия тойған «сарбазымыз» ештеңеден бейхабар қамсыз ұйқыда жатқан. Құтқарушылар оны сыртқа алып шығып, дәрігерлерге қаратқан.
Бағына орай, ер адам ешқандай жарақат алмаған, өрттің түтініне уланбаған.
Тақырыптар:
Пожары в Усть-Каменогорске