Өскеменде Оқушылар шығармашылық сарайы өртенді
Облыс орталығының өртсөндірушілері жалыннан екі адамды алып шықса, оның бірі – бала
Сарайдың екінші қабатында орналасқан жалпы бөлім кабинетінде жиһаз, кеңсе техникалары мен пластик терезелер өртенген. Өрттен шыққан түтіннің қалыңдығы сонша, тіпті, төртінші қабатта қалып қойған әйел мен бала шыға алмай қалған.
Келген құтқарушылар түтін қоршауынан өтіп, адамдарды автобаспалдақпен түсіріп алған. Нәтижесінде ешкім зардап шеккен жоқ. ОШС директоры Галина Асташкинаның айтуынша, өртенген техника мен жиһазды қалыпқа келтіру үшін миллион теңге көлемінде қаражат керек екен.
Өрт оқиғасы бойынша екі нұсқа қаралуда: электронды құрылғылардың апаттық жұмыс режимі және электроқұрылғыларды пайдалану барысында өрт қауіпсіздігі техникаларын дұрыс пайдаланбау. Кінәлі тұлға мен шығын анықталуда.
Следующая →