Шымкентте қарақұрт шаққан тұрғындардың саны артуда
Шымкент қаласының ауруханаларына улы өрмекші – қарақұрт шаққан адамдар жиі келуде
Қарақұрт шаққан 10 адам қазіргі күні ауруханада жатыр. Олардың арасында алты жасар бала бар. Оның жағдайы ауыр, реанимацияда жатыр.
2017 жылдың басынан бастап қарақұрт шаққан 33 адам ауруханаға келген. Дәрігерлер алдағы уақытта күннің қатты ыстық болатындығын, соған байланысты қарақұрттың да қаптайтындығын айтып отыр.
Қарақұрт шаққан адам бірнеше минуттан соң ауыра бастайды, діріл басталады, қимылдау ауырлай бастайды, тыныс алу қиындайды, алақан ұштары қимылсыз қалуы мүмкін.
Тақырыптар:
Нашествие каракуртов в Шымкенте