Португалиядағы орман өртінің соңғы ошағы ауыздықтандырды
Португалияның орталығындағы ірі орман өртінің соңғы ошағы ауыздықтандырылды. Бұл туралы бейсенбі күні «Публику» газеті хабарлады
Баспа хабарынша, 20 мың га жерді жалмаған Коимбира округінің Гойш муниципалитетінің ауданындағы өртті бақылауға алуға мүмкіндік туды.
Португалиядағы өрт 17 маусым күні күндіз басталған болатын. Бұл өрттен Лейриядағы Педроган-Гранди жергілікті пункті ең көп зардап шекті. Бұл жерде 64 адам қаза тауып, 204 зардап шеккен. Бұл өңірде 30 мың га орман өртеніп кетті.
Өртпен күресуге жүздеген өртсөндірушілер ат салысты. Бұған дейін Португалия билігіне бірнеше мемлекет көмек ұсынған. Олардың ішінде Ресей де бар. Өрттің сөндіру қиындығы қатты жел мен ауа температурасының жоғарылығынан да болды. Жергілікті полиция қызметкерлерінің болжауынша, «барлығы табиғи салдарлардан туғанға ұқсайды». Анығын айтқанда найзағайдың соғуынан болуы мүмкін. Мұнымен қоса Өртсөндірушілер лигасының басшысы Жайме Марта Суариш бұл нұсқамен келіспейді. Оның айтуынша, болған оқиғаны физикалық фактоорлар салдары бойынша тергеуден өткізу керек.
Следующая →