Лондондағы өрт кезінде 65 адам жоғалып кетті
Бұған дейін Лондондағы 24 қабатты ғимараттың бірі жалынға оранған болатын. Өрттің нәтижесінде 65 адам із-түссіз ғайып болды
Британияның The Sun газеті Лондондағы көпқабатты ғимаратта болған өрттің салдарынан жапа шеккендердің санын жариялады. Арасында қаза тапқандары да бар, олармен қоса 65 адам жоғалып кеткен.
Лондон полициясының бастығы Стюарт Канди жапа шегушілердің саны әлі де артуы мүмкін екендігін айтып отыр.
- Мен бұл санақтың үш есе өсіп кетпеуін тілеп отырмын, - дейді полиция қызметкері.
Сонымен қатар ол полицияның өрт кезінде жапа шеккендердің барлығын анықтай алмайтындығын айтады.
Төтенше жағдайлар қызметкерлері осымен үш күн бойы зардап шеккендерді іздестіру жұмыстарын жүргізуде.