Қазақстандық суретші Facebook желісіндегі тікелей эфир барысында көз жұмды
Алматы облысындағы ауылдардың бірінде жас жігіт Facebook әлеуметтік желісіндегі тікелей эфир барысында асылып қалған
Қазақстан жас суретші Бекжан Канкеновтің өлімі туралы оның құрбысы Алена Мирошниченко Facebook әлеуметтік желісінде жариялады:
Достар, Бека енді арамызда жоқ. Асылып көз жұмды және барлығын тікелей эфирде жариялаған. Оның парақшасы бұғатталды.
Алена марқұмды өте көңілді, ақ жарқын адам еді деп еске алады. Дегенмен өлім, өз-өзіне қол салу тақырыбында жиі қалжыңдап, үнемі жалғыздық сезініп жүретіндігін де еске алады құрбысы.
Өткен түні Бекжан Канкенов өз парақшасына мынадай жазба қалдырған:
- Мен барлықтарыңды жақсы көремін. Бүгін әлі де ішімдік ішемін. Ілмек жасап қойдым, асылып қалғым келеді.
ІІБ оның өз өзіне қол салғандығын нақтылады.
Следующая →