Лондон полициясы терроризмге күдікті үш адамды ұстады
Ұлыбритания құқыққорғау органдары өткен түнде Лондонның шығыс өңірінен террорлық әрекетке күдікті үш адамды ұстады
Скотленд-Ярд хабарлағандай, ұстау амалдары британ астанасының орталығында орын алған терактімен байланыспайды.
34 және 37 жастағы екі ер адамдар Ньюэмде түрлі мекенжайларда ұсталды. Үшінші 33 жасар күдікті Уолтем-Форест өңірінде ұсталған. Үшеуі де терроризммен күрес заңының 41-бабы бойынша террорлық актілерді жоспалау және оған қолдау көрсету айыбымен қамалды, - дейді хабарландыруда.
Қазір күдіктілер Лондонның оңтүстігіндегі полиция учаскесінің бірінде қамауда. Ұсталғандардың мекен-жайлары бойынша тінту жұмыстары жүруде.