Семейде «ГАЗель» көлігі өртке оранды
Өрт сөндірушілердің пайымдауынша өрттің шығуына баланың шалалығы себеп болуы мүмкін. Яғни, біреу көліктің жанында жатқан терек мамығын жағып жіберуі ғажап емес
Өрт оқиғасы бүгін түскі уақытта Юность көшесі бойында орын алған.
Тілсіз жаудың арыны қатты болғаны соншалық жанында тұрған көпқабатты үйге жетіп үлгерген.
- Өрт сөндіру қызметі уақытылы жеткенімен, жалын үйдегі бірінші қабатындағы пәтердің терезесі мен қонақ бөлмесіне жеткен, - деп мәлімдеді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі. - Дегенмен тілсіз жау ауыздықталып, құтқарушылар көрші пәтерлерді өрттен құтқарып қалды. Қазақ тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Ал «ГАЗель» көлігі түгелдей жанып кеттті.
Қазіргі таңда өрт сөндірушілер екі нұсқаны алға тартады: отқа салғырт қарау және баланың шалалығы болуы мүмкін.
Следующая →
Тақырыптар:
Пожары в ВКО