Өскеменде қоқыс полигоны өртеніп жатыр
Өскеменнің Лесхоз ауылы маңындағы қоқыс төгетін үлкен қоқыс орны өртеніп жатыр
Өскемендегі қоқыс төгетін жердің өртеніп жатқанына жарты тәулік болып қалды, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар жөніндегі департамент баспасөз қызметі.
Өрт сөндірушілердің ақпаратына сүйенсек, Лесхоз төңірегіндегі қоқыс полигоны жексенбі күні сағат 23.00-ден бері жанып жатыр. Өртену аумағы, бастапқы мәлімет бойынша, 200 шаршы метрді құрайды. Ашық аумақтағы өртті сөндірумен №1 өрт сөндіру бөлімшесінің өрт сөндірушілері, ШҚО ТЖД арнайы жасағы және оның орман техникасы, сонымен бірге "Өскемен СпецкоммунТранс" ЖШС екі техникасы айналысуда. Өртті сөндіруге барлығы он адам мен төрт техника жұмылдырылған.
Следующая →
Тақырыптар:
Пожары в Усть-Каменогорске