Егде жастағы әйел көпірден құлап, суға батып кетті
Оқыс оқиға кеше күндізгі уақытта Ахмер кентінде орын алған. Сол сәтте әжесінің жанында төрт жасар немересі болған
80 жасар әйел адам тазартқыш ғимараттар ауданындағы Ертіс өзенінің тармағындағы шағын көпірден өтіп бара жатып, аяғы шалынып, құлап кеткен.
Өскемен қалалық ТЖБ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, қайғылы оқиға қарияның немересінің көз алдында болған.
Төрт жасар баланы көріп қалған тұрғындар ШААШҚБ құтқарушыларын шақыртқан. Олар әйел адамның денесін өзен ағысымен жүз метр төменірек жерден тауып алған, - дейді мекеменің баспасөз хатшысы Марина Лискова.
Қалалық төтенше жағдайлар бөлімі су қоймаларының жанында жүргенде қауіпсіздік ережелерін қатаң ұстануды ескертеді.