Қатты ел "Фукусима-1" аймағындағы өртті сөндіруге кедергі келтіруде
Құтқарушылардың тілсіз жаумен арпаласқанына бір апта болды. Өртті ауыздықтау үшін тікұшақтар мен 200-ден астам әскери қызметшілер тартылды
Радиоактивті түтін Жапония үстіне жайылды. Құтқарушылардың "Фукусима-1" атом станциясы маңындағы орманда орын алған өртті сөндіре алмай жүргендеріне бір апта болды.
Осы уақытқа дейін станциядан ондаған километр арақашықта орналасқан жабық аймақта орналасқан орманның 20 гектары өртеніп кеткен. Ал мамандар әзірге радиациялық фонның артылғандығын тіркемеген.
Алдын ала ұсынылған ақпаратқа сәйкес, аталған орманда өрттің орын алуына найзағайдың соғуы себеп болып отыр.
Бұдан бұрын қайта құру министрі Масахиро Имамура 2011 жылғы Жапониядағы жер сілкінісіне қатысты сәтсіз пікірі үшін өз қызметінен кеткен болатын. Елдің премьер-министрі Синдзо Абэ да қызметтен кетуді қабылдады.