Парижде сайлау қорытындысына қанағаттанбайтын ондаған тұрғын ұсталды
Франциядағы президент сайлауының бірінші кезеңінің нәтижесіне қарсы шыққан 29 наразылық білдіруші Парижде тәртіп сақшыларымен ұсталды
Наразылықтар полицейлермен қақтығысқа әкелді. Париждің көшесіне сайлау нәтижесімен келіспейтін жүздеген жастар шықты. Олар тәртіп сақшыларына бөтелкелер мен петардалар лақтырды. Сонымен қатысты наразылыққа шыққандар бірнеше көлік пен дүкендердің шынысын шағып тастады.
Өз кезегінде полиция қызметкерлері көз жасын ағызатын газды, таяқтарды қолданды.
Нәтижесінде 8 тәртіп сақшысы мен 3 акцияға қатысушы түрлі жарақаттар алды.
Осыған дейін Францияның экс-қаржы министрі Эммануэль Макрон және Ұлттық фронт партиясының көшбасшысы Марин Ле Пен Франция президенті сайлауының екінші кезеңіне өткені белгілі болды.
Следующая →