Шымкентте ер адам өзін-өзі өртеп жіберді
Шымкенттік азамат әйелімен жанжалдасып қалып, өз-өзін өртеп жіберген, оны құтқармақ болған туысы да зардап шекті

Фото:
amsalemmedicalcenter.org
ОҚО ІІД баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, өткен түнде Бозарық шағын ауданының тұрғыны үстіне жанармай құйып, туыстарының көзінше өзін өртеген.
Азаматтың үстіндегі өртті өшірмек болған балдызының үстіне де от тиіп, зардап шеккен.
Зардап шеккендер облыстық гипербариялық оттектеуорталығына жеткізілді. Ер адамның денесі 75%, ал азаматшаның денесінің 12%-ын күйік шалған.
Өзін-өзі өртеу фактісі бойынша сотқа дейінгі тексеру жүргізілуде.
Следующая →
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар:
Самоподжог в Шымкенте ЧП в Шымкенте ДВД ЮКО