Атақты тай курортында денге безгегі өршіді
Туристер арасындағы танымал Самуи тай курортында денге безгегі эпидемиясы басталды. Вирус 128 адамға жұққан
- Денге безгегіне шалдыққан науқастар бізді қатты алаңдатады, - деді жергілікті аурухана жетекгісі Тхирасак Вириянонд.
Мұнымен қоса, ауырғандардың көбі 15-35 жас аралығындағы жақын маңдағы азиат елдерінің еңбек мигранттары.
Былтырғы жылы Тайланд төңірегінде вируспен 60 мың адам ауырып, әрбір мыңыншы науқас көз жұмып отырған.
Биылғы жылы жаңбырдың көп болуынан адамдарға вирусты жұқтырған масалар қаптап кетті. Безгектің геморрагиялық түріі әлдеқайда қауіпті – асқынған кезде адамның ішкі құрылысы қанап кетеді.