Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар Екатерина Рыльская
Ақпарат көзі:
Устинка

Мейрам күндері 11 өрт оқиғасы орын алды

Екі азамат иіс тиіп  ауруханаға жеткізілсе, енді екеуін термиялық күйік шалған

15 желтоқсан күні Глубокое кентінде жер үй жанып кетті. Өрт алаңы 24 шаршы метрді қамтыды. Термиялық күйік шалған 40 жасар ер адам ауруханаға жатқызылды. Бірақ ШҚО ТЖД мәліметтеріне сүйенсек, ол медициналық көмек алғаннан кейін үйіне қайтарылды.

16 желтоқсанда Өскемен қаласындағы Зырянова көшесінде тұрғын үйдің иесі дәнекерлейтін шамның көмегімен пештің қазандығын жылытпақ болған. Алайда жалын бүкіл үйді шарпыған. Тілсіз жауды өз күшімен ауыздықтамақ болған азамат үшінші дәрежелі термиялық күйік алған. Оқиға орнына өрт сөндірушілер дереу жетіп, зардап шеккен азамат  №1 қалалық ауруханаға жеткізілді.

Келесі күні Абай даңғылы бойындағы бесқабатты үйдің пәтерінде өрт шықты. 77 жасар үй иесі мен оның 40 жасар ұлы эвакуацияланды. Олар ішімдік ішкен көрінеді. №1 қалалық аурухананың токсикология бөліміне орташа деңгейдегі иіс тию белгісімен жеткізілді.

Айта кетейік, мейрам күндері қалада тағы да төрт, облыс бойынша бес өрт оқиғасы тіркелсді. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.

Следующая →
Тақырыптар: Пожары в ВКО