Әйел адам Астанада бас прокуратура алдында өзін жағып жіберген
Бүгін Бас прокуратура алдына жанында үш серігі бар әйел келіп, үстіне жанармай құйып өзін өзі өртемек болған
Мекеме қызметкерлері өртті сөндіріп, алғашқы көмек көрсетті.
Бас пркуратураның баспасөз қызметі хабарлағандай, көп алдында өзін өртемек болған 1968 жылғы М.Е. Рысманова деген азаматша болып шыққан. Бұл әрекетке оны ұлы Е. Ахметовке шығарылған үкім итермелеген. Қазір оның денсаулық жағдайы анықталуда.
Айта кетейік, Шу аудандық соты 2015 жылдың 15 маусымында Е. Ахметов ҚК 4-бөлім, 296-бабы бойынша 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырған.
Тақырыптар:
Самосожжение в Казахстане Генеральная прокуратура Казахстана Судебная система в Казахстане