23 жасар Марат Умержановтың мәйіті табылды
Марқұмның туған інісінің сөзінше, ол қашаға асылып, өз өзіне қол жұмсаған
Полиция қорытындысы бойынша да бұның суицид екеніне еш күмән жоқ. Өйткені жас жігіттің денесінде ешқандай соққы іздері байқалмайды. Марат спорт сөмкесінің жібіне асылып қалған, деп мәлімдейді Устинка Live тілшісі.
- Ағамның денесін мәйітханаға жеткізгенде өзімен бірге ешқандай құжат болмаған, - дейді Мараттың інісі Иван Умержанов. – Мәйіт ол жерде 12-сінен бастап жатқан. Кеше бізге қоңырау шалып, мәйітханада сипаттамасы бойынша Маратқа ұқсайтын адамның мүрдесі жатқанын айтты. Бүгін денені тану үшін бардық. Полиция қызметкерлері оның спорт сумкасының бауына асылғанын айтты.
Естеріңізге сала кетейік, Марат Умержанов 12 қараша күні жоғалып кеткен. Інісінің сөзіне сүйенсек, сүйген қызымен ренжісіп қалған Марат ашуланып, шығып кеткен. Ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына соңғы рет сол күні кірген. Оған соңғы жіберілген хабарлама оқылмаған. Содан кейін жігітті ешкім көрмеген.