Облыста алты өрт орын алды
ШҚО ТЖД мәліметтері бойынша, екі өрт оқиғасы қасақана жасалуы мүмкін
Шемонаиха ауданында көлікжайдан өрт шығып, жанындағы жер үйге жеткен. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Осы уақытта Риддер қаласында да тұрғын үйден шыққан өрт ауыздықталды. ШҚО ТЖД мамандарының айтуынша, екі жағдайда да жер үйлер әдейі өртелуі мүмкін.
Тағы бір ірі өрт оқиғасы Үржар ауданында орын алды. Балалардың өртке салғырт қарауынан үйде өрт шыққан. Мұнда да зардап шеккендер болған жоқ. Өрт сөндірушілер үйден үш адамды алып шықты. Олардың екеуі – балалар.
Өткен түні облыс бойынша тағы үш өрт оқиғасы орын алды. Тілсіз жау Көкпекті ауданы, Семей және Өскемен қалаларындағы жер үйлерді жалмаған. Мамандардың пйымдауынша бұл оқиғаларға тұрғындардың салғырттығы себеп болып отыр. Зардап шеккендер жоқ.
Следующая →

Тақырыптар:
Пожары в ВКО