ШҚО ТЖД Ертіс көпіріндегі құтқару жұмыстары туралы толық ақпарат берді
Құлаған көпірдің жоғары жағында қалып қалған екі азаматты арқанның көмегімен түсірген
Жақын арада билік өкілдері көпірдің құлауына не себеп болғанын хабарлайтын болады. Ал ТЖД мамандары құтқару операциясының қалай жүргендігі туралы ақпарат берді.
- Ертіс көпіріндегі жөндеу жұмыстары барысында сол жағалау жағындағы тіректі бұзу кезінде құрылым қисайып, нәтижесінде көпірдің бөлігі құлап кеткен, - деп хабарлайды ШҚО ТЖД. – Тақталардың бірі тігінен тұрып қалған. Құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан төрт жұмысшы төмен сырғып кетсе, екеуі жоғары жағында қалып қойған. Құтқарушылар оларды арқанның көмегімен төмен түсірді.
Жұмысшылардың барлығын «Апаттық медицина орталығының» дәрігерлері қарап шықты. Жұмысшылардың бірі аяғын ауыртып алғандықтан дәрігерлер көмегі қажет болды.
Следующая →