Өскеменде дәнекерлеуші шамнан өрт шықты
Кеше, 22 қараша күні қалалық гараждардың бірінде жылытқыш құбырлар жанып кетті
Ондағы қызметкерлердің бірі қатып қалған су құбырларын дәнекерлеу лампасымен жібіту барысында өрт пайда болған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
- Аязды күні автомобильдер қозғалтқыштарымен су өткізгіш құбырлардың лампасымен қыздыру ол өртке әкеліп соғады. Тіпті осындай аяз күндер болсада қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтайтын болса онда өрт орын алмаседі, - дейді Өскемен қаласының ТЖБ мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің мамандары.
Сонымен қатар, дәл осы күні 23 ықшам ауданында Миллер көшесіндегі жеке тұрғын үйдің шатыры өртеніп кеткен. Өрттің аумағы 35 шаршы метрді құрайды. Өртің болу себебі электр жабдықтар салдарынан болуы мүмкін деп хабарлайды.