Глубокое ауылында өрттен 35 жастағы ер адам қаза тапты
Өрт сөндірушіліердің айтуынша, жеке тұрғын үйде болған өрт оқиғасы отты абайсыз қолдану немесе пешті дұрыс қолданбаудың салдарынан, қауіпсіздік туралы нұсқаулардың сақталмауына байланысты орын алады
Өткен күні, ШҚО ТЖД ақпаратына сәйкес, облыс бойынша төрт өрт оқиғасы орын алды. Өскеменде жеке үйлер жанып кеткен. Сондай-ақ, Бородулиха мен Глубокое ауылында да үйлер өртенгені. Үш жағдайда да зардап шеккен адамдар болмады. Ал Глубокое ауылындағы Степной көшесіндегі үйде болған өрттен 35 жастағы ер адам қаза тапты.
Өрт туралы ақпарат таңертең белгілі болды, оқиға болған жерге сегіз өрт сөндіруші көліктері келді. Сағат 10.00-де өрт сөндірілген, бірақ үйдің иесін аман алып қалу мүмкін болмады. Өрт сөндірушілер өрттің орын алуының екі себебі болуы мүмкін деп отыр.
- Өрт оқиғасы статистикасының анализдері бойынша өрттердің шамамен 40%-ы электр жабдықтардың жұмыс істемеуінен немесе дұрыс пайдаланбау нәтижесінде пайда болуы мүмкін. Өрттердің негізгі себептері электр қондырғыларының шамадан тыс қолданылуының салдарынан немесе қондырғыларды қараусыз қалдырып кеткеннен пайда болады, - деді Өскемен қаласының ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің аға инженері Денис Бухряков.
Следующая →
Тақырыптар:
Пожары в ВКО