Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар
Ақпарат көзі:
КТК

«Алматы Тауэрстегі» өртте қаза тапқан бес жігіт – студенттер

Тірідей өрт құшқан студенттердің ата-анасы оларды бизнес-орталықта түнде қамап кеткендіктеріне сенімді

«Алматы Тауэрс» бизнес орталығындағы өрт салдарынан қаза тапқан 5 адамның студенттер екені анықталды деп хабарлайды ustinka.kz ктк телеарнасының сайтына сілтеме жасап.  Олар оқыс оқиға болған кезде ғимараттан қашып шыға алмай қалған. Өйткені сыртынан құлыптап кетіпті. Алапат өртте тірідей жанып кеткен студенттердің төртеуі – Оңтүстік Қазақстан облысының тумалары. Тағы бірі Алматы облысынан. Бүгін олардың денелері туған жерлеріне жіберілді. Айта кетейік, жексенбі күні кешке болған өрттен 54 жастағы дәнекерлеуші де қаза тапқан.

Алапат өрт өмірін жалмаған студенттердің денесі бүгін Алматыдағы сот-медициналық сараптамасы орталығынан шығарылып, туған жерлеріне жіберілді.Олардың ата-аналары мен туыстары түннен бері көз ілмей осында жүр. Ал марқұмдар білім алған оқу орындарында студенттердің суреттері қойылған. Қыршын кеткен Еламан Айдаралиев пен Нұрлыбек Сартаев – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті физика-техникалық факультетінің 3-курс студенттері екен. Туыстарының айтуынша, олар жұмыс істеп жатқан бөлме сыртынан құлыпталып, балалар қамалып қалған.

Санат Малдыбеков, марқұм Е. Айдаралиевтың нағашысы:

-Қараусыз қалға ғой. Есікті жапқан. Оттың ортасында қалған. Шығатын жер жоқ. Күйіп өлген, жанып өлген.

Азапты өліммен көз жұмған бесеуінің бірі – Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің 2-курс студенті Исмайлжон Исраилов. Жиырмадан енді асқанбозбала тіс дәрігері болуды армандаған екен. Өткен жексенбіде ол «Алматы Тауэрс» ғимаратындағы қабырғаға пластик материалдар қағып беріп, ақша табу үшін барған екен. Әкесінің айтуынша, жұмыс берушілер кінәні балалардың өздеріне жаппақшы.

Есралы Исраилов, марқұм И. Исраиловтың әкесі:

-Кері қарай заттарын алып кету үшін барған дейді. Өз өмірі үшін қорыққан адам алтын берсе де ондай жерге қайтып бармайды ғой. Олар қашып шыққысы келген. Бірақ есік жабық болған. Оларды ешкім бақыламаған.

Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің 2 және 4-курс студенттері Екубжон Тохтамышов пен Абылай Зұлпыбеков те сол қыршын қиылғандардың қатарында. Барлық жоғары оқу орындары марқұм студенттерге құрмет білдіріп, универститет қабырғасында қаралы хабарды жариялап қойған. Сондай-ақ, студенттік ұйымдар да олардың туыстарына қолдан келгенше көмектерін беріп жатыр. Тек жанға бататыны, балаларды жалдаған компания басшылары көңіл айтудың орнына қоқан-лоққы көрсетіп жүр екен.

Санат Малдыбеков, марқұм Е. Айдаралиевтың нағашысы:

- Компанияның басшыларынан бір адам келмеді. Көңіл айтудың орнына дікеңдеп жүр. Сұрауы жоқ адамдар емес.

Қаза тапқан студенттер 20-22 жас аралығында екен. Барлығын да ұстаздары тек жақсы қырынан сипаттап берді. Ал өрттің өзі неден тұтанғаны әлі анықталған жоқ. Айта кетейік, осы өрт салдарынан 54 жастағы дәнекерлеуші де қаза тапқан еді. Сөйтіп, Алматының қақ ортасында жексенбі күні болған өрт 6 адамның өмірін жалмады. 

Следующая →