Экс-хоккейші Петр Девяткин өлі күйінде табылды
Танымал Өскеменнің бұрынғы хоккейшісі Петр Девяткиннің денесі Новосібірде табылды. Ер адам өзіне қол жұмсаған деген болжам жасалып отыр
10 қыркүйек күні таңертең Новосібірдің Ленин ауданында 1977 жылғы ер адамның өлі денесі табылған. Ол өзіне өзі қол жұмсаған деген алдын ала болжам жасалып отыр. Тергеу комитеті тексеріс жасап жатыр" , - деді өкіл.
Құқық беру органдарындағы дереккөздің хабарлауынша, Петр Девяткин асылған күйінде табылған. Ол өлер алдында хат та жазып қалдырған екен.
Айта кетейік, Девяткин мәскеулік «Динамо», «Нефтехимик», «Салават Юлаев», «Спартак», «Амур» клубтарының сапында ойнаған.
Ол 1998 жылы Наганода өткен Олимпиадаға Қазақстан құрамасында қатысқан.
Соңғы кездері Девяткин Сахалинде балалар бапкері болып істеген. Петрдің артында әйелі мен кішкентай баласы қалды.
Петр Геннадьевич Девяткин (1977 жылдың 8 наурызында Өскеменде дүниеге келген) өскемендік хоккейдің түлегі, шабуылшы. Ресей чемпионы, Азия ойындарының чемпионы (1999), 1998 жылғы Олимпиада ойындарының ширек финалына жеткен.