Италиядағы жер сілкінісінен жапа шеккен адамдардың үстіне жаңбыр құйды
Өз үйлерін қалыпқа келтіреді деп үміттенген адамдар жаңбырдың құйғаны мен су деңгейінің көтерілуіне қарамастан шатырлы қалашықтан кеткілері келмейді
Фото:
videlson.ru
Жойқын жер сілкісінен зардап шеккен Италияның орталығында қатты жауын басталып, күн суыта бастады, деп хабарлайды «МИР 24» арнасы. Қолайсыз күннің салдарынан жүздеген отбасы балаларымен ашық аспан аясында қалды. Қазір, шатырлы қалашықта төрт мыңға жуық адам тұрып жатыр. Көпшілігі басқа өңірге көшпей үйлерін қалыпқа келтіру жұмысының басталуын күтуде. Ал мұндай қалыпқа келтіру жұмыстарына жарты жыл кетуі мүмкін. Жерглікті мекендерде жер сілкінісінен зардап шеккен жерлерде құтқарушылар жұмыс істеуде.
Аматриче қаласында көптеген ғибадатханлар зардап шеккен. Ежелгі құрылыстар кез-келген сәтте құлауы мүмкін. Сейсмикалық белсенділіктен бұзылған қауіпті ғимараттарды роботтардың көмегімен зерттеуде. Кейін жаңғыртушылар қандай архитектуралық ескерткіштерді қалпына келтіріп, қайсысын құлату керектігін айтады.
Следующая →