Шығыс Қазақстанда 4 өрт оқиғасы орын алды
Кеше өңірде жеке тұрғын үй, мамыр шөп және бес қабатты тұрғын үйдің баспалдақтары өртке оранған
Мамандардың айтуынша, өрттің шығу себебіне тұрғындардың салғырттығы себеп болып отыр.
Екі өрт оқиғасы Семей қаласында орын алған. Түскі уақытта 5 қабатты тұрғын үйдің екінші қабатында электр қалқаны жанып кеткен. Тілсіз жау 0,2 шаршы метр аумақты қамтыған. Ал түнде жеке тұрғын үй өртенген. Өрт 90 шаршы метрді қамтыған. Екі оқиғада да өрт сөндірушілер өртті сөндірген. Зардап шегушілер жоқ.
Енді бір өрт оқиғасы Мақаншы – Жалаңашкөл тас жолының 16 шақырымындағы алаңда орын алған. Бес тонна мамыр шөп тілсіз жаудың кесірінен өртке оранған. Оқыс оқиғаның не себептен орын алғандығы анықталуда.