Францияда шарап тасқыны орын алды
3 тамыз түні Францияның Лангедок-Руссильон провинциясының Сета қаласының көшесінде ондаған мың шарап төгілді
Жергілікті полиция қызметі бұл қасақана жасалған әрекет болуы мүмкін деп болжауда.
Biron S.A. сауда үйіне тиесілі цистерналардан төгілген шарап Ориен жағажайына ағады.
Жер асты тұрақтарды шарап баса бастаған соң, тұрғындар өрт сөндірушілерді шақырады.
Жертөленің күзетшісі болса, жиырма шақты маска киген адамдардың есік ашып кіргендерін көрген екен.
Полиция қызметі бұл әрекеттер қылмыстық оймен жасалғанын жасырмайды. Осыған дейін, 20 шілде күні Аймақтық шарап комитеті бірқатар шарап саудагерлерін испандық шарапты арзан бағамен импорттап жүргендері үшін айыптаған.