Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар
Вера Кисленкова
Вера Кисленкова
Ақпарат көзі:
Устинка

4 тәулік бойы орманда болған зейнеткер аман қалды

ШААШБ қызметкерлері қарияны тапқан сәтте оның өкпесі қабынып, иық және аяғының буыны шыққан екен.

Происшествия в Казахстане и мире / ЧП в Казахстане и в мире / 80-летний пенсионер едва выжил, проведя четверо суток в лесу под Риддером
Фото:
ВРАОСО
80 жасар Риддер қаласының тұрғыны 27 шілде күні орманға жидек теруге шыққан. Үйіне қайтпай қалған зейнеткерді іздеп, жақындары дабыл қағып, 29 шілде күні Шығыс аймақтық аэромобильді құтқару тобына хабарласқан. Құтқарушылар Тишин кеніші аймағындағы онаурызларды 20 шақырымға шейін түгел қарап шыққан. Ал жоғалған қарияны 30 шілдеде «Синегорье» демалу базасының демалушылары Громотуха өзенінің арғы  жағалауынан байқаған.
  - Куәгерлер алдымен бұл балықшы екен деп ойлаған. Артынша оның киімі жыртылып, түрі шаршаңқы екенін көрген, - дейді ШААШБ құтқару бөлімінің командирі Валентин Титаренко. - Өзен ағысы қатты болғандықтан арғы бетіне көпір арқылы өтуге тура келді. Түнгі сағат 12-лерде біз қарияның қасына жеткенде ол тастардың үстінде жатқан еді. Ойы сергек, сұрақтарымызға жауап бере алатын хәлде болды. Үстіндегі киімін ауыстырып, үстін көрпемен жауып, түнімен жанында алау жағып отырдық.
 Сол уақытта басқа құтқарушы топ Өскеменнен катамаран жеткізді. Ал таңғы 5 шамасында зейнеткерді Громотуха өзенінің оң жағалауына жеткізген. Зардап шеккен қария жедел жәрдем қызметкерлеріне табысталды. Төрт күн бойы ашық аспан астында жатқан қарияның тек аяқ-қолының буыны шықпай, өкпесі де қабынған.
- Бұндай жағдайға қалай тап болғанын сұрағанымызда, қария адам бойынан асатын шөптер арасында кешке дейін адасып жүргенін, келесі күні өзенге құлап кете жаздап, аман қалғанын айтты, - дейді Валентин Титаренко.
Қазіргі таңда қария ауруханада ем қабылдап жатыр.


Следующая →