Өскеменде екі бала өрттен зардап шекті
Оқыс оқиға 7 шілде күні сағат 10-дар шамасында «Титан» саяжай қоғамында орын алған
Фото:
Открытые источники
Жер үйдің ағаш шатыры жанып кеткен. Жалын үйдің төбесі мен жиһаздарын шарпып өткен. Оқиға орнына жеткен №5 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлеріне көршілер үйде екі баланың қалғанын айтқан. Ол уақытта балалардың ата-анасы жұмыста болған көрінеді.
- Біз оқиға орнына жеткен сәтте саяжай үйдің шатыры түгел өртке оранып үлгерген еді. Көрші азаматтың көмегімен үйдің ішіне кіріп, 12 жасар қыз баланы құтқардық. Құтқарушылар артынша түтін басқан үйдің ішінен оның 9 жасар інісін де тапқан. Балалар жедел жәрдем қызметкерлеріне табысталды, - дейді №5 өрт сөндіру бөлімі басшысының орынбасары Алексей Минеев.
Өрт алаңы 32 шаршы метрді құрады. Тілсіз жауды ауыздықтауға 3 техника мен жеке құрамның 13 қызметкері жұмылдырылды. Өртке не себеп болғаны анықталу үстінде.
Қалалық ТЖБ баспасөз қызметінің хабарлауынша балалар ауыр хәлде облыстық балалар ауруханасына жатқызылды.
Следующая →

Тақырыптар:
Пожар в Усть-Каменогорске